Жаңалықтар

5 мың теңгелік банкноттар 2024 жылдың соңына дейін қолданылады

Олардың орнын биыл желтоқсанда қолданысқа берілетін жаңа 5 мың теңгеліктер басады.

2011 жылғы 5 мың теңгелік банкноттар 2024 жылдың соңына дейін ғана қолданылады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық банк қаулысына сәйкес, биылғы 25 желтоқсаннан бастап 2011 жылғы 5 мың теңгелік банкноттар жаңа үлгідегі банкноттармен ауыстырыла бастайды. Бүгін Ұлттық банк жаңа банкноттардың үлгісін таныстырған болатын.

Informburo.kz сайтыныі мәліметінше, жаңа 5 мың теңгелік банкноттар биылғы желтосқанда қолданысқа енгізіледі. Ал ескі банкноттар 2024 жылғы 24 желтоқсанға дейін айналымда болады.