Жаңалықтар

Вандализм және қоғамдық тәртіп: Астана мектептерінде арнайы кездесулер өтіп жатыр

Астана әкімдігі

Қоғамдық тәртіпті насихаттауға арналған кездесулер елорданың әрбір ауданында орналасқан мектептерде ұйымдастырылады.

Бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы №10 мектеп-гимназиясында вандализм және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты күшейту бойынша мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылды, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық тәртіпті насихаттауға арналған кездесулер елорданың әрбір ауданында орналасқан мектептерде ұйымдастырылады.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретініне баса назар аударды. Мемлекет басшысының аталған Жолдауы аясында биыл елорда да вандализммен күрес жұмысы күшейтілді.

№10 мектеп-гимназиясында өткен кездесуге «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, тарихшы, этнолог Тұрар Саттарқызы, Байқоңыр ауданы әкімінің кеңесшісі Дәурен Ыдырыс және аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында мектеп оқушыларына вандализм оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты болу қажет. Кез келген құқық бұзушылық анықталып, соңы жауапкершілікке әкелетінін ұмытпаңыз. Ішкі тәртіп, заңға және өзге адамдардың құқықтарына құрметпен қарау – бұл қоғам ұмтылуға тиіс нормалар.