Саясат

Бір рет қолын көтерсе, кешіре салайын деген ой болмауы керек – министр

gov.kz

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қатаң талап қойылуы тиіс.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту үшін отбасылық саясатты толығымен қайта қарау қажет.  

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Министрдің айтуынша, соңғы 5 жыл бойы заң күшейтіліп жатыр, бірақ жекелеген нормаларды көпшіліктің қабылдап жатқаны сезілмейді.

«Менің ойымша, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту үшін отбасылық саясатты толығымен қайта қарау қажет. Отбасындағы тәрбие, ер мен әйел қатынасы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәдениеті толығымен қайта қаралуы тиіс. Бәлкім бізге басқа құндылықтар цифрландыру ғасырымен, әлеуметтік желі арқылы келген болуы мүмкін. Осыған қарамастан, кейбір нәрселерді түбегейлі өзгерту қажет болуы мүмкін», – деді С. Жақыпова.

Ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қатаң талап қойылуы тиіс екенін айтты.

«Тұтас қоғам тұрмыстағы зорлыққа төзбеуі керек. Бір рет қолын көтерсе, кешіре салайын деген ой болмауы керек», – деді Еңбек министрі.