Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды
Блогер көлікті қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарған
Ақтауда блогер жауапқа тартылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Lexus NX200 автокөлігімен болған құқық бұзушылық туралы бейнеролик жарияланды.
«Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарған. Сондай-ақ, автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындық қарастырылмағандығы анықталды», - делінген polisia.kz сайтының хабарламасында.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен 27 жастағы азаматшаның жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.