Жаңалықтар

Алматы - Қорғас тас жолында апаттан екі адам қаза тапты

Жол апаты Жетісу облысы Панфилов ауданында өтетін республикалық автожолдың 333 шақырымында болды

Алматы - Қорғас тас жолында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жол апаты Жетісу облысы Панфилов ауданында өтетін республикалық автожолдың 333 шақырымында болды. Алдын ала болжам бойынша, 29 жастағы Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.