Еліміздегі алғашқы цифрлық теңге төлем картасы іске қосылды
CBDC-Visa карталары әзірге үш банкте – Halyk Bank, ЦентрКредит және Altyn Bank-те қолжетімді
Visa Қазақстандағы алғашқы цифрлық теңге төлем картасын іске қосты, серіктестер Halyk Bank, ЦентрКредит Банкі және Altyn Bank болды, деп хабарлайды turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін, 15 қарашада Visa жаңа цифрлық теңгені енгізуді және пайдалануды қамтамасыз ету үшін Қазақстанда Ұлттық банктің цифрлық валютасына байланған цифрлық теңгенің төлем картасын іске қосуды қолдайтынын мәлімдеді.
CBDC-Visa карталары ҚР Ұлттық Банкінің жаңа цифрлық валютасы мен VISA төлем технологияларының үйлесімділігін қамтамасыз етуге арналған және әзірге үш банкте – Halyk Bank, ЦентрКредит және Altyn Bank-те қолжетімді болады.
Цифрлық теңге әлеуметтік мемлекеттік төлемдерді неғұрлым тиімді және жылдам бөлуге бағытталған мемлекеттік қаражаттың қозғалысын оңтайландыруға бағытталған.