Жаңалықтар

2025 жылдан бастап елімізде әскери қызметтің жаңа түрі пайда болады

сурет: ашық дереккөз

Қызметке азаматтар өз еркімен қабылданады.

Елімізде 2025 жылдан бастап әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызмет пайда болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

 

Бүгін Мәжілістің жалпы отырыста осыған қатысты тиісті заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады. Жоба кәмелетке толған азаматтарға қатысты. Қызметке азаматтар өз еркімен қабылданады.

Іріктеу кезеңдерінен өткен азаматтармен Қорғаныс министрлігі 3 жылға келісім-шарт жасасады. Соның негізінде олар ай сайын бөлімдерде қысқа мерзімді оқудан және ведомствоның бұйрығы бойынша 30 күндік жиындардан өтеді. Резервшілерге денсаулық жағдайы бойынша талаптар қойылады және жас шектеулері белгіленеді: офицерлер үшін – 60 жасқа дейін, сержанттар мен сарбаздар үшін – 18-ден 50 жасқа дейін.

Резервшілерге қару-жарақ пен жауынгерлік техника бекітіледі. Олар тек өз облысының аумағында қызмет етеді.