Жаңалықтар

Деструктивті мінез-құлықтың кез келген түріне қарсы күрес кешенді іс-қимылды талап етеді – Ерлан Қарин

2020 жылдан бері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жолында жүйелі шаралар қабылданып келеді.

Заңдылық пен тәртіп қағидатын орнықтыру ісі вандализм, балаларға қарсы қылмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты жағымсыз құбылыстармен күрестен басталады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин жазды, деп хабарлады Turkystan.kz.

Мемлекеттік хатшы Қазақстанда 2020 жылдан бері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жолында жүйелі шаралар қабылданып келе жатқанын жариялады.

Мемлекеттік хатшы бұл мәселені тек заңнамаға өзгеріс енгізу арқылы шешу мүмкін емес екенін мәлімддеі.