Алматыда жедел жәрдем дәрігерлерін соққыға жыққан
Қазір Алатау ауданы ПБ заңсыз әрекетке барған тұлғаға қатысты процессуалдық шешім қабылдап жатыр.
Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы растады.
Ресми деректер бойынша, оларға алғашында көмек сұрап жүгінген ер адам шабуыл жасаған.
"Кезекті қоңыраудан қайтып келе жатқан кезде ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне жақындап, әйелге көмек көрсетуді өтінген. Әйелді қарау кезінде ер адам дәрігер мен фельдшерді ұрып, олардың денсаулығына зиян келтірген", - деп хабарлады Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.
Қазір Алатау ауданы ПБ заңсыз әрекетке барған тұлғаға қатысты процессуалдық шешім қабылдап жатыр.
"Бүгінде зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық, олар амбулаторлық ем алып жатыр", - деп қосты Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.