Экономика

Елімізде зейнетақы төлемдері 9 пайызға өседі

Мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері де 7 пайызға артады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдері 9 пайызға өседі, деп хабарлады turkystan.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері де 7 пайызға артады.

Зейнетақыны көтеру инфляция деңгейіне байланысты, Үкіметтің болжамы бойынша, инфляция 6-8% аралығында болады.

Ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңге, ал ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 28 215 теңге болады деп күтіледі. Жас бойынша берілетін зейнетақының ең жоғары мөлшері 152 295 теңге болады.

Инфляцияның нақты деңгейін ескере отырып, зейнетақы төлемдері кемінде 20 пайызға артуы тиіс, дейді сарапшылар. Себебі соңғы жылдары азық-түлік себеті екі есе қымбаттаған.