Ресейдің бірнеше қаласында Немцовты еске алу маршы өтті

Ресейдің бірнеше қаласында Немцовты еске алу маршы өтті

Ресейдің бірнеше қаласында Немцовты еске алу маршы өтті
ашық дереккөзі
Ресейдің бірнеше қаласында 2015 жылы өлтірілген оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу маршы өтті. Бұл жөнінде Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Шеруге шыққандар Ресей астанасындағы Пушкин алаңына жиналып, одан соң Сахаров даңғылы бойымен жүріп өтті. "Белый счетчик" ұйымының соңғы мәліметі бойынша, акцияға 15 мыңға жуық адам қатысқан. Марш басталар бұрын ПАРНАС партиясының төрағасы Михаил Касьяновтың үстіне білгісіз біреу жасыл дәрі құйып кеткен. "Солидарность" қозғалысының директоры Константин Ершов ұсталды. Маршты ұйымдастырушылар шеру басталар қарсаңында бірнеше палатканы, украиналық жалауды тартып алғанын мәлімдеді. Еске алу акциясының ұйымдастыру комитетіне "Солидарность", "Парнас", Прогресс партиясы, "Яблоко", "Открытая Россия", "Партия 5 декабря", Либертариандық партия, "Выбор России" және басқа да демократиялық күштер енді. Еске сала кетейік, оппозициялық саясаткер Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеу орталығындағы Үлкен Москворецк көпірінде атып кетті. Тергеу мәліметі бойынша, қылмысқа тапсырыс берген "Север" батальонының бұрынғы офицері Руслан Мухудинов. Оған сырттай айып тағылды, ол 2015 жылдың қарашасынан бері халықаралық іздеуде жүр.