Қоғам

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Түркістан облысындағы Бадам елдімекенінде ауыл тұрғындарына көмек көрсетті

Фото: ile-tany.kz

Пойыз медициналық жабдықтармен, шағын операциялық бөлмемен жабдықталған.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Түркістан облысындағы Бадам елдімекеніне аялдады, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік жоба шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Turkistan телеарнасының хабарлауынша, 8 вагоннан тұратын пойыз диагностикалық және медициналық жабдықтармен, шағын операциялық бөлмемен жабдықталған.