Экономика

10 мың теңгелік банкнот айналымға шықты

Фото: kaz.orda.kz

Банкнотта 19 қорғаныш элементі бар.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 30 жылдығына орай 2023 жылғы 15 қарашадан бастап номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Банкнотта 19 қорғаныш элементі бар. Монета бейнеленген дизайнда негізгі голографиялық элемент – теңгенің «₸» белгісі қолданылған. Банкноттың екі жағында да шексіз қозғалыстың символы – «Мёбиус лентасы» бар.

Банкноттың алдыңғы бетінде қазақы ою-өрнекпен дәстүрлі стильде безендірілген Қазақстан картасы аймақтарымен бейнеленген. Банкноттың екінші бетінде картадағы Еуразия құрлығының жалпы контуры сызылған. Онда 5 мм магнитті қорғаныш жіп пен «₸» белгісі түріндегі Спарк элементі бар.

Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнот өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.