15 қарашада ауа райы қандай болады
Синоптиктер республика бойынша тұман түсіп, жел күшейетінін мәлімдеді.
Қазгидромет 15 қараша, сәрсенбі күні елімізде ауа райы қандай болатынын жария етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында және солтүстік-батысында жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ, синоптиктер республика бойынша тұман түсіп, жел күшейетінін мәлімдеді.