Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында 89 млрд теңгенің 40 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады

Орталық коммуникациялар қызметі

2026 жылға дейін 30 мың тонналық 17 қойма салу жоспарланған.

Батыс Қазақстан облысында 302 мың тонна астық жиналды, деп хабарлайды Turkystan.kz өңір әкімі Нариман Төреғалиевтің Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 617 мың гектарды құраған. Майлы дақылдардан 75 мың тонна өнім алынған. Бұған қоса 153 мың тонна картоп, көкөніс-бақша өнімі жиналған.

«Облыста қуаты жылына 11 мың тонналық голландиялық технологиямен 2 заманауи өндірістік жылыжай жұмыс істеп тұр. Бүгінде облыс халқын қызанақ пен қиярмен толық қамтып отырмыз. Облыстың маусым аралық кезеңде картоп-көкөніс өнімдерін сақтау қажеттілігі 70 мың тоннаны құрайды. Осы жылы 91 мың тонна картоп-көкөніс өнімі жиналып, заманауи үлгідегі 32 картоп-көкөніс қоймасына орналастырылды. Облыс халқының көкөніс өнімдеріне қажеттілігін 100% жабу үшін келесі жылы 18 мың тонналық 4 қойма салынып қажеттілік толық жабылады», – деді Н. Төреғалиев.

Әкімнің айтуынша, 2026 жылға дейін 30 мың тонналық 17 қойма салу жоспарланған.

«Агроөнеркәсіп кешенінде 2023-2026 жылдарға 89 млрд теңгенің 40 инвестициялық жобасы бар. Биыл 6 млрд теңгенің 15 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда», – деді Н. Төреғалиев.