Ұлттық қордың активтері 3,85 млрд долларға азайды

14 қараша, 2023 / Абылай Бейбарыс
Зауреш Смағұл
Алтын-валюта активі - 9,3%-ға, еркін айырбастағы валюта -5,3%-ға төмендеді.

Ұлттық қордың активі қысқарып қалды, деп хабарлайды Turkystan.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Қаржы реттеушісінің дерегінше, Қазақстанның халықаралық резервтері соңғы айларда теріс көрсеткіш көрсеткен. Жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда алтын-валюта активі - 9,3%-ға, еркін айырбастағы валюта -5,3%-ға төмендеген.

Дәл осындай төмендеу 2022 жылы желтоқсан айында болған. Биыл шілдеден бастап Ұлттық қор активтерінің төмендеу көрсеткіші 6,4%-дан асқан. 

Алтын-валюта резервтері мен Қазақстанның Ұлттық қорын қамтитын жиынтық сыртқы резерв жыл басынан бері 4,3% қысқарған. Ал Ұлттық қордың активтері шілдеден бастап 3,85 млрд долларға азайған.

 

Тэгтер:

Ұлттық қор Ұлттық банк Ұлттық қордың активі Қаржы реттеушісі халықаралық резерв Алтын-валюта активі еркін айырбастағы валюта