Жаңалықтар

«Медеу» мұз айдынында жаңа маусым қашан ашылады?

Медеу - еліміздің ең басты мұз айдыны.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Медеу биік таулы мұз айдынында жаппай сырғанау 15 қарашада сағат 10:00-ден бастап қолжетімді, ал маусымның салтанатты ашылу рәсімі сағат 13:30-да өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Мұз айдынының ашылу бағдарламасында коньки тебушілердің мұздағы перфоманстары, жүлделер ұтыс ойыны, флэшмоб, әртістердің қойылымдары, сондай-ақ кешеннің ең белсенді қонақтарына арналған сыйлықтар бар.

Almaty.tv сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта нысанда дайындық жұмыстары аяқталды, мұз жасау процесі белсенді жүргізілуде.

Медеу - Алматы қаласының маңына орналасқан, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте әрі еліміздің ең басты мұз айдыны.