АҚШ Ресейге ескерту жасады

АҚШ Ресейге ескерту жасады

АҚШ Ресейге ескерту жасады
ашық дереккөзі
АҚШ Ресейді Украинаның шығысында бітім шарттарына тез арада қайта оралуға шақырды. АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Донбасстағы ресейшіл жікшілдер ресейлік әскердің қолдауымен халықаралық бақылаушыларға бірнеше мәрте шабуылдаған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Украинаның шығысында ЕҚЫҰ-ның Арнайы мониторинг миссиясын атқылады және өткен жұмада жікшілдер ұшқышсыз ұшу аппаратын басып алды. Мемлекеттік департаменттегілер жікшілдерді азаматтық инфрақұрылым нысандарын, соның ішінде Донецк фильтр станциясын атқылауды доғаруға, Минск келісімі бойынша ауыр қаруды қолданбауға шақырды. Осы аптада Донбастағы жағдай ушығып кетті: 24 ақпанда Донецк фильтр станциясы жұмысын тоқтатты, мыңдаған адам сусыз қалды. Жікшілдердің мәлімдеуінше, станцияны украиналық радикалдық бөлімнің содырлары басып алған. Киев бұл шабуылға өзін тәуелсіз деп жариялаған "Донецк халық республикасын" айыптап отыр. Жанжалдасушы тараптар бітім шарттарын бұзған.