Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды

14 қараша, 2023 / Анель Жарылғасын
Оқу-ағарту министрлігі
Сайыста 80-нен астам мемлекеттің оқушылары қатысты.

Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткен робототехникадан дүниежүзілік "World Robot Olympiad" олимпиадасында жеңімпаз атанды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты.

Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды.

Олар:

Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

Тэгтер:

оқушылар Робототехника дүниежүзілік олимпиада Панама қаласы World Robot Olympiad