Спорт

Алтынай Жұмагелдиева дойбыдан халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алтынай Жұмагелдиева үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты.

Саарбрюккен қаласында (Германия) ерлер мен әйелдер арасында 64 шаршылы дойбының рапид түрінен өткен Германияның ашық чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады turkystan.kz. Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жаһандық додаға Германия, Украина, Латвия, Нидерланд, Қазақстан, Армения елдерінен 22 дойбышы қатысып, бақ сынады.

Нәтижесінде Алтынай Жұмагелдиева үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты.