14 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада көшпелі бұлт шығады.
Қазгидромет сейсенбі, 14 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2°C дейін, күндіз +5...+7°C жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +8...+10°C.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +16...+18°C.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +18...+20°C. Облыстың шығысында шаңды дауыл соғады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12, екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +8...+10°C.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +12...+14°C. Облыстың солтүстік-батысында аздаған жаңбыр жауады деп күтілуде.
Жезқазған қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +2°C, күндіз +6...+8°C.
Қарағандыда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +3...+5°C.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +5...+7°C.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +8...+10°C. Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі.
Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +6...+8°C. Облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы 0…+2°C, күндіз +10…+12°C.
Павлодарда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +5...+7°C.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +5...+7°C.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +3...+5°C.
Талдықорған қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +8...+10°C.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, жел 5-10 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +8...+10°C.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +16...+18°C.
Оралда бұлтты, жаңбыр, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +5...+7°C. Аймақтың басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, қар жауады, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°С. Облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.