Атырауда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды (ВИДЕО)
1993 жылы туған Батыс Қазақстан облысының тумасы жедел-тергеу тобына тапсырылды
Атырауда көпірден секірмек болған ер адамды құтқару сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
AtyrauPress сайтының мәліметінше, 12 қараша күні сағат 17:52 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері көпірден суға секіргелі тұрған азаматты байқаған. Олар бірден патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.
Оқиға орнына патрульдік полиция батальоны қызметкерлері 3 минут ішінде жеткенге дейін тұрғындар көмекке келген. 31 жастағы ер адаммен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, шұғыл құтқару әрекетін жасалды.
«Қазір 1993 жылы туған Батыс Қазақстан облысының тумасы жедел-тергеу тобына тапсырылды», – деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.