Жаңалықтар

Жанартау оянуы мүмкін: Исландия билігі жер сілкінісінен кейін мыңдаған адамға көшуге бұйрық берді

сурет: Рагнар Визаж / Рейтер

Жанартау 2021 жылға дейін 800 жыл бойы ұйықтап жатқан.

Исландия бірқатар жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жариялады. Билік Гриндавиктің оңтүстік-батысында тұратын мыңдаған адамға сақтық шарасы ретінде қаладан кетуге бұйрық берді, деп хабарлайды turkystan.kz bbc.com-ға сілтеме жасап. 

Исландия метеорологиялық басқармасы (IMO) жанартау оянуы мүмкін деген қауіп бар екенін айтты.

IMO мәліметтері бойынша, Рейкянес түбегінде немесе оған жақын жерде кез келген уақытта жанартау оянуы мүмкін.

Исландия университетінің вулканология профессоры Тор Тордасон түбектің астынан ағып жатқан ұзындығы 15 км магма өзені әлі де белсенді екенін айтты.

Кейінгі аптада Фаградальсфьяль жанартауының айналасында мыңдаған жер сілкінісі тіркелген.

Жанартау 2021 жылға дейін 800 жыл бойы ұйықтап жатқан.