Жаңалықтар

Павлодар облысында ер адам өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

kstnews.kz

ер адам жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық залалды төлейді.

Павлодар облысында мас күйде қайта көлік тізгіндеген азамат өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 тамызда Шарбақты ауданының 45 жастағы ауыл тұрғыны Жаңа-ауыл ауылында мас күйде көлік жүргізген. Салдарынан, ауылға кіреберісте жол жүру қауіпсіздігін сақтамай, жол-көлік оқиғасын жасады.

Жәбірленушінің Mitsubishi Outlander көлігі зақымданды.

«Анықталғандай, ер адам осындай құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2021 жылдың сәуірінде ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда бұл оның рөлге отыруына, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді рөлде ішуге кедергі болмады», – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша Шарбақты ауданының полициясы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

«Сотта ер адам көлік құралдарын жүргізуге құқығы жоқ екенін, әйелі көліктің кілттерін алып қойғанын мойындады. Алайда бұл оны тоқтатпаған, көрші ауылға баруды шешіп, сымдарды жалғап, автокөлікті оталдырды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

26 қазанда аудандық соттың үкімімен ауыл тұрғыны төрт жылға бас бостандығынан және өмір бойы көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар сотталған жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық залалды төлейді.