Жаңалықтар

Еліміздің барлық мектебінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді

Челленджге еліміздің миллионнан астам оқушысы қатысады деп күтіледі.

Миллионнан астам оқушы бір мезгілде ұлттық ойындар ойнайды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің мәліметінше, 17 қарашада еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді. Оқушылар «Бес табан» және «Бес асық» ойындарын ойнайды.

Челлендждің мақсаты – білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.

Челленджге еліміздің миллионнан астам оқушысы қатысады деп күтіледі.