Экономика

Мемлекеттік бюджетке шетелдік юрисдикциялардан 159,8 млрд теңге түсті

ашық дереккөз

215 лауазымды тұлғаның жемқорлыққа қатысты әрекеті әшкереленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2021 жылдан бастап бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 857 млрд теңгені құрайтын мүліктік актив пен ақшалай қаражатты қайтарды, деп хабарлады Turkystan.kz агенттіктің есебіне сүйеніп.

Агенттіктің баспасөз қызметі мемлекеттік бюджетке шетелдік юрисдикциялардан 159,8 млрд теңге түскенін мәлімдеді.

Агенттік жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлықты жоюға ерекше назар аударып отыр.

«Жыл басынан бері өңірлерде 215 лауазымды тұлғаның жемқорлыққа қатысты әрекеті әшкереленді», – деп мәлімдеді Агенттіктің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік бюджет жемқорлық сыбайлас жемқорлық Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет квазимемлекеттік сектор