Спорт

Бет-аузынан сау-тамтық жоқ: Бахтиёр Зайнутдиновтің мұрны сынып, көзі көрмей қалды (ВИДЕО)

Instagram

Жартылай қорғаушы Сан-Мариноға қарсы ойынға шыға ма, шықпай ма, белгісіз.

Түркияның «Бешикташ» футбол командасында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдинов Түркия суперлигасында  «Истанбул Башакшехирге» қарсы ойында ауыр жарақат алды, деп хабарлады Turkystan.kz Siyah Beyaz Hayatlar-ге сілтеме жасап.

Бахтиёр Зайнутдинов бірінші таймның соңында ганалық Джером Опокуданмен допқа таласты. Осы сәтте Бахтиёрдің тарапынан қарсыласқа фол жасалды. Ол сүрініп кетіп, абайсызда Бахтиёрдің бетінен шынтақпен ұрды. Салдарынан қазақстандық футболшының мұрны сынды.

«Бешикташ» Instagram парақшасында жарақат алған ойыншысының суретін жариялады.

«Бахтиёр  Зайнутдиновтың мұрны сынған. Оған операция жасау қажет болуы әбден мүмкін. Ол ойын барысында шынтақпен соққы алды. Оның көз көру қабілетінен айырыла бастады. Көзі жабылып, қан саулай бастады», – деді команданың бас бапкері Рыса Чалымбай.

Бахтиёр  үшін бұл Түркия чемпионатындағы оныншы ойын болды. Бұл ойыннан кейін Б.Зайнутдинов Сан-Марино мен Словенияға қарсы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық матчтарына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасының орналасқан жеріне баруы керек.

Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Сан-Марино мен Словенияға қарсы ойнайтын ойыншылардың тізімін ресми жариялады. Тізімде Б.Зайнутдинов бар. Ол келесі ойынға қатыса ма, қатыспай ма, алаңға маскамен шыға ма, маскасыз шыға ма, белгісіз.

Қазақстан құрамасы 17 қарашада өз алаңында Сан-Мариноны қабылдайды. 20 қарашада сырт алаңда Словенияға қарсы ойнайды.