Қоғам

Лудоманияның шариғаттағы үкімі қандай – ҚМДБ жауабы

ҚМДБ маңызды сұраққа жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғұламалар кеңесі лудоманияға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлады turkystan.kz ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның зардаптары:

1. Құмар ойынға тәуелділік отбасының шырқын бұзып, елдің берекетін кетіреді, қоғамды құлдыратады;

2. Адамның уақытын, мал-дүниесін зая кетіріп, қарызға батырады;

3. Экономикаға кері әсерін береді, адамның өмірін тек иллюзиямен шектейді;

4. Бойын жалқаулыққа, масылдыққа, жауапсыздыққа үйретіп, ақша үшін арын, намысын сататын төмен дәрежеге түсіреді;

5. Жеке тұлғаның жүйкесін тоздырып, тіпті өзіне қол жұмсауға (суицидке) дейін алып барады;

6. Құмар ойыннан ұтылған адамның өзінің серіктеріне деген көреалмаушылығы, кекшілдігі артады.

ҮКІМ:

1. Лудомания (гемблинг, игромания) – харам.

2. Құлшылыққа, отбасылық және басқа да қоғамдық міндеттеріне кедергі келтіретін ойын құмарлыққа тыйым салынады.