Костенко шахтасы жабылатыны рас па? – әкім жауабы
Әкім маңызды сұраққа жауап берді
Кеншілер мен металлургтер тарапынан «АрселорМиттал» кеткеннен кейін кейбір шахталар жабылады деген қауесет тарады. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен брифингіде жұмысшылардың бұл болжамын жоққа шығарды, деп жазады turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда 4 шахта толық көлемде жұмыс істеп жатыр. Қалғандары әртүрлі себептерге байланысты тоқтап тұр. Костенко шахтасында тергеу аяқталған жоқ. Шахталардың жабылатыны туралы сөз болған емес. Ол туралы нақты айта аламын», - деді облыс әкімі.