Саясат

Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Tengrinews.kz

Ол бұған дейін де істі болған

Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Кісі өлтіру") тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

Күдікті Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында. Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске салды.