Қоғам

Петропавлдан ер адамның мәйіті табылды

Sputnik / Владислав Воднев

58 жастағы марқұмның қайтыс болу себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді

Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлады turkystan.kz Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-ші атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізілуде", — делінген хабарламада.