Қазақстанда қандай мамандарға көп жалақы төленеді
Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нарықта ұсынылатын бос жұмыс орындарының жалақы мөлшерін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Қыркүйек айында жұмыс берушілер учаске механиктеріне (орта есеппен 766 мың теңгеден бастап), тау-кен инженерлеріне (760 мың теңгеден бастап), сондай-ақ маркетинг қызметінің басшыларына (700 мың теңгеден бастап) ең жоғары жалақы ұсынған. Өз кезегінде ізденушілер тарапынан ең жоғары жалақыны кеме капитандары (1,2 млн теңгеден бастап), ұшқыштар (1,2 млн теңгеден бастап), сондай-ақ ғылым қызметкерлері (950 мың теңгеден бастап) сұраған», - делінген министрлік жауабында.
Ведомствода атап өткендей, қыркүйек айында еңбек нарығындағы сұраныс білім беру саласындағы жұмыс берушілердің белсенділігінің төмендеуіне байланысты өсу қарқынын бәсеңдетті.
Сонымен қатар білім беру мекемелері кадрларды іріктейтін басқа жұмыс берушілер арасында көшбасшылық позицияны жалғастырып жатыр.