Қоғам

Желіде LRT тірегінің қисайып қалған видеосы тарады

Астанада LRT тірегі қисайып қалған

Желіде Астанадағы LRT құрылысы тірегінің қисайғаны түсірілген видео пайда болды. City Transpormation Systems баспасөз қызметі өкілдері құрылыс нысанын бүгін қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Желіде Астанада LRT құрылысы тіректерінің бірінің қисайған фото мен видеосы тарады.

City Transpormation Systems (CTS) баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Қазір бұл аймақта көлік қозғалысы шектелген. Мамандардың айтуынша, құрылыс қирауға тиісті емес және тұрғындарға еш қауіп төніп тұрған жоқ.