Астанада әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап қайтыс болды
Оқиға 10 қарашада болған.
Астанада әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 10 қарашада болған. Астана полиция департаменті бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
«10 қарашада «102» арнасына Тілендиев даңғылындағы терезеден әйелдің құлап кеткені туралы қоңырау келіп түсті, ол алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды», – делінген полиция хабарламасында.