Жаңалықтар

«AMANAT»: Жетісу облысында өңірлік әйелдер қанаты құрылды

Инклюзивті мәдениет пен гендерлік теңдік қалыптастыру – «AMANAT» сайлауалды бағдарламасының басымдықтарының бірі.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, оларды елдің қоғамдық-саяси өміріне тарту, гендерлік теңдікке және ауыл қыз-келіншектеріне өз қабілет-қарымын танытуға жағдай жасау. Осы және өзге де өзекті мәселелер «AMANAT»  партиясының қолдауымен өткен Жетісу облысының әйелдер активінің жиынында талқыланды.«Мемлекет дамуындағы әйелдің рөлі» тақырыбымен өткен жиынға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, көпбалалы аналар, білім беру, денсаулық саласының өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы прогрессивті елдің маңызды белгісінің бірі әйелдің қоғамдағы мәртебесі екенін бірнеше рет атап өтті. Инклюзивті мәдениет пен гендерлік теңдік қалыптастыру – «AMANAT» сайлауалды бағдарламасының басымдықтарының бірі. Ол үшін партия әйелдер қанатын құрып, оның аймақтық филиалдарын ашып жатыр.

Іс-шара­ға қатысушылар әйелдердің ­түрлі саладағы белсенділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Осы орайда, облыстық мәслихат депутаты Римма СалыковаЖетісу өңірінде кәсіпорындардың 49 пайызын әйелдер басқаратынын атап өтіп, оның ішінде ауылдық жерде бизнестегі әйелдердің үлесін арттыру жайлы сөз етті.

«Tomiris» партиялық жобасының амбоссадоры, облыстық мәслихат депутаты Баршагүл Саятова әйелдер барлық салада табысты жұмыс істеп жатқанын жеткізді.