Бұрынғы Ұлттық экономика министрінің марқұм әйелі Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі Павлодарда өтеді
Бұл туралы марқұмның туысы Instagram желісінде мәлімдеді.
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жұбайы Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі 11 қарашада таңертең Павлодарда өтеді, деп жазды turkystan.kz.
Бұл туралы марқұмның туысы Instagram желісінде мәлімдеді. Нүкенованың туысы Айтбек Амангелді Instagram желісіндегі парақшасында онымен бірге түскен фотосын жариялап, марқұммен қоштасу рәсімі 11 қарашада сағат 10:00-де Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітте өтетінін жазды.
Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын.