Экономика

KEGOС SPO: Неге басқарма төрағасы акция сатып ала алмайды?

ашық дереккөз

Kegoc SPO-сы Air Astana, QazaqGaz, ҚТЖ, Samruk energy IPO-сы болып жалғасады.

Әлібек Қуантыров салық саясатын реформалау қандай нәтиже беретінін мәлімеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және микробизнес үшін жалақыдан бірыңғай төлем енгізілді. Бірыңғай төлемді енгізу арнайы салық режиммен жұмыс істейтін шағын бизнес өкілдеріне барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жеңілдетуі тиіс. Ол қазір бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылады», – деді Ә. Қуантыров.

Ұлттық экономика министрі сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы қызметтің 190 түрі бойынша 4%-дан 2%-ға дейін бөлшек салық  енгізілгенін, тізбе кемінде 2 есе кеңейтілетінін айтты.

«Өңдеу секторындағы жаңа жобалар бірқатар салықтардан 3 жылға босатылады, сондай-ақ салықтық бақылауды цифрландыру жоспарлануда. Бұл тәсілдер кешенді салық реформасының бөлігі ретінде жаңа Салық кодексі арқылы іске асырылады7 Cалық реформаның болжамдылығы үшін Салық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданады», – деді Ә. Қуантыров.

Ұлттық экономика министрі мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқарту үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелестік ортаға беру жалғасатынын жариялады.

«2025 жылға дейінгі жекешелендіру жоспарының орындалуы 66%-ды құрайды. Биылғы жылы 5%-ға дейін Kegoc SPO-сы, 2024 жылы – «Эйр Астана», 2025 жылы – QazaqGaz, ҚТЖ, Самұрық-Энерго IPO-сы жоспарлануда. Бұдан басқа 2025 жылдың соңына дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізіледі», – деді Ә. Қуантыров.

KEGOC акцияларының 5%-ы SPO-ға шығарылды. Атап көрсетерлігі KEGOС SPO-ға жалақысы жоғары болуына байланысты басқарма төрағасы қатыспайды. Яғни ол акция сатып ала алмайды.