Жаңалықтар

Еліміздегі 727 мектепте балалар қызылша жұқтырған

qaz365.k

Жыл басынан бері ҚР-да қызылшаның 13 103 жағдайы тіркелді.

Елімізде қызылшамен сырқаттанушылықтың күрт өсуі вакцинацияланбаған балалардың есебінен қалыптасады. Олардың үлесі 84%-ды немесе ауырған балалардың санынан 9 216 жағдайды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова ОКҚ-да өткен сараптамалық брифингте мәлімеді, деп хабарлады turkystan.kz.

2023 жылдың басынан бері ҚР-да қызылшаның 13 103 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 83% (10864) - 14 жасқа дейінгі балалардың арасында, 2,9% (385) - жасөспірімдер, 14,1% (1854) - ересектер.

«Қызылша аурулары барлық өңірлерде тіркелді, жоғары деңгей Шымкент қаласында – 2 283 жағдай, Алматы қаласында – 2 217 жағдай, Жамбыл облысында – 1 605 жағдай, Алматы облысында – 1215 жағдай, Атырау облысында – 940 жағдай байқалады», – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда ҚР бойынша 727 мектепте қызылшаның 1444 жағдайы тіркелген. Бұл ретте, алғашқы 72 сағаттың ішінде эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша 2565 байланыста болған адам егілді, сонымен бірге 1552 ата-ана өз балаларын вакцинациялаудан бас тартты, 538 баланың медициналық қарсы көрсетілімі бар.

Сондай-ақ, 1083 мектепке дейінгі балалар мекемесінде 1690 жағдай тіркелді, ошақтарда эпидемиялық көрсетілімдер бойынша 1469 байланыста болған адам вакцинациялаумен қамтылды, 1,5 мың бала вакцинациялаудан бас тарту себебінен вакцинацияланбаған, 936 баланың медициналық қарсы көрсетілімі бар.

Ошақтарда шұғыл вакцинациялау вакцинацияланбаған адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қызылшамен соңғы байланыста болған сәттен бастап алғашқы 72 сағаттың  ішінде жүргізілетінін атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта балалардың ата-аналарының арасында да, қызылшамен ауыратын 30 жасқа дейінгі адамдардың арасында да эпидемиялық көрсетімдер бойынша вакцинациялаудан бас тартуды тіркеу орын алуда. Бұл үрдіс қызылшамен ауырғандардың арасында да байқалады. Сондықтан 60%-да жұқтырған балалар вакцинациялаудан бас тартуға байланысты жоспарлы түрде вакцинацияланбаған, 18%-да - медициналық қарсы көрсетілім бойынша, 22%-да - егу жасына жетпеген.