Жаңалықтар

Қартаюды 6 жылға тежейтін 8 әдет

incredit.lv

Аталған көрсеткіштер "Өмірдегі ең маңызды 8 өлшем" деген атпен танымал.

Ғалымдардың жаңа зерттеуі кей жақсы әдеттен адамның қартаюы тежелетінін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz Америкалық кардиология қауымдастығының мәліметіне сілтеме жасап.

Салауатты өмір салтын ұстануға негіз болатын сегіз әдет адамды алты жылға жасартуы мүмкін. Бұл – жүрек-қантамыр жүйесінің саулығы мен биологиялық қартаюдың баяулауы арасындағы нақты байланысты анықтаған талдаудың алдын ала деректері. Талдауға 6 500 ересек адам қатысқан.

Бұл әдеттерге дұрыс тамақтану, белсенді өмір салты, темекі шегуден бас тарту және дұрыс ұйықтау, артық салмақ қоспау, холестерин және қандағы қант деңгейін қалыпта ұстау, сонымен қатар қан қысымын бақылап отыру кіреді.

Аталған көрсеткіштер "Өмірдегі ең маңызды 8 өлшем" деген атпен танымал.Оны Америкалық кардиология қауымдастығы ұсынған.