Nokia 3310 телефоны жаңа үлгіде қайта шығарылды

Nokia 3310 телефоны жаңа үлгіде қайта шығарылды

Nokia 3310 телефоны жаңа үлгіде қайта шығарылды
ашық дереккөзі
Ұялы телефон нарығына 2000 жылдардың бірінші жартысында шығып, жаппай қолданыста болған Nokia 3310 телефоны жаңартылған нұсқада қайта шығарылды. Бұл туралы Би-би-сиге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  2005 жылы телефонның негізгі үлгісінің сатылымы тоқтағанға дейін мұндай ұялы телефонның 126 миллион данасы сатылған. Бұған дейін ұялы телефон Mobile World Congress кезінде жұртшылық назарына ұсынылмақ. Nokia компаниясының өзі енді ұялы телефон шығарумен айналыспайды, ал жаңа Nokia 3310 үлгісін жасау және шығару лицензиясы HMD Global компаниясына тиесілі - бұл финдік старт-ап бір жыл бұрын ұялы брендтерді қайта жаңғырту мақсатында құрылған. HMD Global "ретро-үлгіден" бөлек Nokia белгісімен Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін тағы үш смартфонды таныстырды. Жаңа Nokia ұялы телефондары Барселонада өткен Mobile World Congress кезінде жұртшылық назарына ұсынылды.