Жаңалықтар

Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды

pricom.kz

Дәл қазір бұрынғы шенеунік уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Атырау қаласында әкім болған Қайрат Оразбаев облыстық прокуратура қызметкерлері жер қатынастары саласына қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Дәл қазір бұрынғы шенеунік уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қайрат Оразбаев 2020-2022 жылдары мұнайлы астананы басқарды. Ол Қаңтар оқиғасының алғашқы ауыр күндерінде жұмыс орнында болмаған. 30 желтоқсаннан бері "денсаулығына байланысты" демалыста болған деп хабарланды. Кейін экс-әкім елдегі соңғы жағдайларға байланысты отставка туралы өтінішті өзі бергенін және оның өтінішін қанағаттандырғанын айтқан еді.  Бұған жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде өз қарсылықтарын білдіріп, әкімді қайтаруға үндеу жасаған. 

Бұдан соң Қайрат Оразбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жұмысы кезінде мүмкін емес жұмыстар атқарылды деп жазба қалдырған. 

“Осы екі жыл ішінде қала бюджеті өте төмен болып, жұмысты жолға қоюға айтарлықтай әсер етті. Бұл ретте, осыған дейін жасалған құрылыс нысандары және инфрақұрылым сапасы шынайы сын көтермеді. Осыған орай, қалалық әкімдіктің ұжымы жоғары деңгейде қызмет етті. Кейде мүмкін емес жұмыстарды да атқарды" – деген жауап жазды сол кезде экс-әкім өзінің әлеуметтік парақшасында.