Жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 1 млн теңге айыппұл салынды

gov.kz

ЖЭО-да 4 және 5 қазандықтарды күрделі және орташа жөндеу кестесі бұзылған.

«АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі Теміртаудағы №2 жылу электр орталығына жылу маусымына дайындық сертификаты берілмеген, деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша энергетикалық қадағалау департаменті.

ЖЭО-да 4 және 5 қазандықтарды күрделі және орташа жөндеу кестесі бұзылған, ескі, 16 жыл бұрынғы қондырғылар жаңартылмаған, олардың ақауы бар, 5-қазандықтағы коллекторлар ауыстырылмаған.

«№5 қазандықты жөндеу жұмыстарының сметасында 12 дана коллекторды толық ауыстыру көзделгеніне қарамастан, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ оларды өзгертпеген. Тек тазалаумен және жөндеумен шектелген. Жұмыс істеп тұрған коллекторлардың 150-ден 200 мм-ге дейін елеулі ауытқуы бар», - деп түсіндірді департамент.

Сонымен қатар №3 қазандықтан түтін құбырына дейін газ құбырын жылу оқшаулау және қазандық цехының шатырын жөндеу жұмыстары аяқталмаған.