17 жастағы қазақстандық садақшы Азия чемпионы атанды
Спортшы Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.
Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Андрей Тютюн Бангкок қаласында (Таиланд) өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Sports.kz -тің жазуынша, Ақмола облысының 17 жасар садақшысы ақтық жарыста Оңтүстік Корея спортшысы Ким Джонходан басым түскен. Олар құрама садақ ату бағдарламасы бойынша сайысқа түсіп, жеңіс қазақстандық спортшыға бұйырды (146:144). Андрей ауа райының қолайсыздығына қарамастан дәл көздеп, Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.
Ерлер командасы классикалық садақ атудан да екінші орынды иеленді. Бұл жарыста да Оңтүстік Кореяның садақшылары тағы үздік болды.