Павлодар облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты
Оқиға 8 қараша күні болған.
Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ажал құшты, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 8 қараша күні сағат 21.00-де Астана – Павлодар автожолында болды. Жол жиегінде КамАЗ көлігін жөндеп жатқан азаматты Lada көлігінің жүргізушісі қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан КамАЗ жүргізушісі мен Lada көлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жеңіл автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.