Руханият

«Болмысының өзі бөлек болатын»: Жанарбек Әшімжановтың Көпен Әмірбек жайлы естелігі

Кемеліне келіп, ел ағасы жасына жеткен шақта ол кісінің дүниеден өтуі – туыс-туған, біз секілді інілері үшін ғана емес, жалпы әдебиет әлемі үшін ауыр қайғы болды.

Бүгін белгілі жазушы-сатирик, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбектің өмірден өткеніне тура бір жыл болды. Көзі тірі болса 73 жасқа толар еді. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Көпен Әмірбек жайлы өз естелігімен бөлісті.