Жаңалықтар

ШҚО-да жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды

polisia.kz

15 жастағы қыз 3 қараша күні сағат 14:00 шамасында үйден шығып кеткен.

ШҚО полицейлері тұрғынның жоғалып кеткен қызын іздеп тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

7 қарашада Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны келіп, 15 жастағы қызын іздеуге көмек сұраған.

Анасының айтуынша, 3 қарашада қыз әкесіне кетіп, үйіне оралмаған.

«Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері жоғалған қыздың орналасқан жерін анықтады», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Осы уақыт бойы ол құрбысының үйінде болған. Бойжеткен 3 қараша күні сағат 14:00 шамасында үйден шығып, бөлек тұратын әкесіне барып қайтатынын айтқан. Біраз уақыттан кейін ол әкесіне құрбысының үйіне түнейтінін айтып, сұранған, кейіннен телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған. Үйге оралғысы келмеген.

«Қыздың орналасқан жері анықталды. Оның өміріне және денсаулығына қауіп төнбеген. Полицейлер қызбен осындай фактілерге жол бермеу туралы әңгімелесті», – деді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.