Жаңалықтар

Ақордада Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің Әнұрандары шырқалды.