Жаңалықтар

Астана әуежайы БАӘ инвесторының бақылауына берілді

nn-airport.kz

Инвестор әуежайдың жұмысына жан-жақты бағалау жүргізеді және кейіннен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын өз қолына алады.

Қазақстан Біріккен Араб Әмірлігімен Астана әуежайын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге отырды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестор – БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен келісімге қол қойды.

Инвестор әуежайдың жұмысына жан-жақты бағалау жүргізеді және кейіннен жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен жалпы тиімділікті арттыру үшін жедел басқаруды өз қолына алады.

«Инвестордың бірінші кезектегі міндеті - ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға дайындау және оны одан әрі жаңғырту. Дайындық жұмыстары мен елорданың қысқа құрылыс маусымын ескере отырып, жерүсті инфрақұрылымын қайта жаңғыртуды келесі жылы бастау жоспарлануда» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар мемлекет пен жеке компанияның мүдделерінің теңгерімін ескере отырып, бизнес-жоспар әзірленетін болады.

Terminals Holding компаниялар тобы Азия және Африка нарықтарында тұтынушыларға қызмет көрсететін авиациялық кәсіпорын, әрі  ірі порт және Абу-Даби Порттары өнеркәсіптік компаниясымен байланысты.