Димаш Құдайберген Швейцариядағы УЕФА штаб-пәтерінде болды
Спорттық ұйымның негізгі орталығы Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан.
Танымал әнші Димаш Құдайберген Швейцарияға жұмыс сапарымен барды. Ол іссапар кезінде Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының штаб-пәтерінде болды. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабралады.
Еуропа мен Азияның кейбір батыс аймақтарындағы футболды басқаратын осы спорттық ұйымның негізгі орталығы Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан. Димаш Құдайберген бала күнінен футболды жақсы көретінін және жанкүйер екенін атап өтті.
«Менің ойымша, футбол - музыка сияқты бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіре алатын өнер. УЕФА Чемпиондар Лигасының әлемге әйгілі Әнұранының үйінде болу үлкен мәртебе болды. Оны осы спорттың барлық әуесқойлары біледі», - деді Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы осы халықаралық ұйымның мүшесі болғанына 20 жыл болды.