Спорт

Астанада еліміздің мықты боксшылары шаршы алаңға шығады

Фото: Бокс федерациясының баспасөз қызметі

Байрақты бокс бәсекесі «Beeline Arena» спорт кешенінде 13-19 қараша аралығында өтеді.

Бокстан Астана қаласында 4 жылда бір мәрте өтетін ерлер арасындағы Спартакиада турнирі ұйымдастырылады, деп хабарлады Turkystan.kz.

Байрақты бокс бәсекесі «Beeline Arena» спорт кешенінде 13-19 қараша аралығында өтеді.

ҚР Бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ел астанасында ұйымдастырылатын жарысқа әлем чемпиондары - Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай және барлық өңірден 250-ден астам былғары қолғап шеберлері сынға түсетін болады.

Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Ерлер 13 салмақ (46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі) бойынша жеңімпазды анықтайды.

Бокс бәсекесінің барлық жекпе-жегін күндізгі 15:00-ден бастап, Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Финалдық жекпе-жек жеңімпаздары 19 қарашада анықталады. Турнир жеңімпаздары алдағы уақытта өтетін ірі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.

Жанкүйерлер үшін кіру тегін.

Айта кетсек, бұған дейін Спартакиаданы 2019 жылы Қызылорда қаласы қабылдаған еді.